Қоғам

Прокуратура жерді заңсыз басып алумен қалай күреспек?

© Photo : serke.orgЖер
Жер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үй салуға тартымды жерлерге мониторинг алгоритмі жасалып, ол Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Ғарыш сапары" ұлттық компаниясымен бірге жүргізілуде

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. 2016 жылғы шілдеден бері басып алынған жерлер саны 6 есеге азайды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Жер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Нұрлы жер": жеке тұрғын үй салу үшін қанша жер учаскесі дайын?

Иесі жоқ екен деп жерді өз бетінше жаулап алғандар көп. Оны анықтаймын дегенше ол жер үлкен бір ауылға айналып кетуі мүмкін. Босатуды талап етсең — айқай-шу. Бір жыл бұрын Астана, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда 2,5 мың учаске осылай басып алынған. Бұл 300 га жер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осының бәрі өткен жылы талқыланып, кешенді жоспар бекітілген. Әрбір өңірде топтар құрылды. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда бұл проблема толық шешілген. Алматыда 1 учаске, Қызылордада 55, Астанада 338 қалған. 

Жалпы, 2016 жылғы шілдеден бері басып алынған жерлер саны 6 есеге азайыпты (2500-ден 394-ке дейін).

Ендігі мәселе – басып алуды болдырмау. Сондықтан үй салуға тартымды жерлерге мониторинг алгоритмі жасалып, ол Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Ғарыш сапары" ұлттық компаниясымен бірге жүргізілуде. 

Баспана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр "Нұрлы жер" бойынша жұмыс бәсең жүріп жатқан облыстарды атады

"Қазір учаскелердің шекарасы көрсетілген схемаларды Ауыл шаруашылығы министрлігінен аламыз. Оны космостан алынған суреттермен салыстырамыз. Жердің әрбір метрі алақанға салғандай анық көрінеді. Бұл жұмысты әрбір өңірдегі прокурорлар қолмен жасайды. Соның арқасында басып алынған 151 жерді таптық", — дейді прокуратурадағылар. 

Астананың "Железнодорожный" ауданында 10 үй құрылысы анықталған. Біреулер учаске өзінікі болмаса да оны адамдарға сатқан. Жұрт жарнамаға, құрғақ уәдеге сеніп, сол жерге үй салған. Сөйтіп, алаяқтардың алдауына түсіп қалды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

"Әрине, карта мен космос суреттерін қолмен салыстырғанда адам факторы орын алуы мүмкін. Біреу байқамай қалады, біреу ұмытып кетеді дегендей. Сондықтан біздің бастамамен арнайы ІТ-жүйе жасалуда. Ол карта мен космос суреттерін өзі салыстырып, заңсыз құрылыстарды өзі анықтап, бізді ескертетін болады. Сонда қателік те болмайды, жерді заңсыз басып алуды да тез көретін боламыз", — деген сенімде қадағалаушы органдағылар. 


Жаңалықтар
0