АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Ресейде пойыз ішінде кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Теміртау қаласы тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан агенттігіне облыстық ІІД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, ұсталған екі адам Теміртау қаласы тұрғындары, екеуі де 1986 жылы туған. Кісі өлімі биыл 28 шілдеде болыпты.
Полицейлер күдіктілерді Уфа қаласының станциясында ұстаған. Ұсталған азаматтар Новосибирск-Белгород бағдарлы пойызбен кетіп бара жатқан.
Олар биыл 28 шілдеде Теміртау қаласының екі тұрғынын өлтіргендерін мойындады.
Қазір күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда.