Қоғам

Ермекбаев Мысырда қазақстандық студенттердің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Жазылу
Министр студенттер тап болған жайт көпшілікке сабақ болады дейді

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі министр Нұрлан Ермекбаев алты қазақстандық студенттің Мысырда ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер үйлеріне қайтарылды

Мысырдағы алты азаматымыз тап болған жайт сәтті шешімін тапты, бұған біз өте қуаныштымыз. Жастардың ешқандай ресми жолдамасыз курс оқуға барып, осындайға тап болуы, шынымен, сабақ болар жайт. Мұндай оқиғалар үнемі болып тұрады", — деді Ермекбаев бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.   

Оның айтуынша, осы себептен министрлік пен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы азаматтарға діни білім алу үшін өз бетімен шетелге аттанудан аулақ болуға кеңес береді. 

ҚМДБ жолдамасынсыз осындай білім алған қазақстандықтар басқару жүйесіне жұмысқа тұра алмайды.  

Ермекбаевтың мәліметінше, қазір шамамен 300 қазақстандық шетелде діни білім алуда, олардың бір бөлігі ҚМДБ жолдамасы бойынша түскен. 


Жаңалықтар
0