Қоғам

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер үйлеріне қайтарылды

© Photo : Страница Ануара Жайнакова в FacebookМысырда ұсталған қазақстандық студенттер
Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның алты азаматының ұсталу себептері бұрынғыша жарияланбады

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Мысырда ұсталған қазақстандық алты студент отанына депортацияланды,  деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  

"Қазір ғана қазақстандық дипломаттар еліміздің алты азаматын Қазақстанға қайтару үшін Каирдің әуежайына жеткізді", — деп жазды Жайнақов. 

Оның сөзіне қарағанда, 1 тамыз күні кешкісін Египеттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның елшілігімен хабарласып, осыған дейін ұсталған қазақстандық азаматтардың барлығын еліне депортациялайтындықтары туралы айтыпты. 

Осыдан кейін Қазақстанның консулы арнайы процедураларды ұйымдастыру үшін әуежайға келіп, еліміздің азаматтарымен жүздескен. 

"Олардың жағдайлары жақсы және жақын арада елге жеткізіледі", — деп атап өтті СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

Бұл ретте қазақстандықтарды ұстау себептері әзірге айтылмай отыр. 


Жаңалықтар
0