Өңірлер

Алматыда ЖОО студенттері жезөкшелікпен айналысқан

© AP Photo Жезөкше
Жезөкше - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел іздеу шаралары кезінде барлығы 50 адам ұсталыпты

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда ЖОО студенттері интим қызмет көрсетумен айналысқан, деп хабарлады қаланың ішкі істер департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жезөкшелер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстан шетелдіктер үшін: Алматыда элиталық притон ұйымдастырылған

Оның сөзіне сүйенсек, Алматы қаласы ІІД-не Ц. ерлі-зайыптылардың өтірік караоке клуб ашып, интим қызмет көрсететін притон ұйымдастырғаны туралы жедел ақпарат келіп түскен. Жедел іздеу шаралары барысында, арнайы қызмет жасағының қатысуымен Нұрмақов көшесі бойындағы мекеме анықталған.   

"Сол притонда қыздар ақшалай сыйақы үшін клиенттерге интим қызмет көрсетеді екен. Бұл азаматтар анықталып, олардың қылмыстық әрекеті жедел әрі арнайы шаралармен тіркелді", — деді ол.

Дәлірек айтсақ, 42 жастағы әйел басқарушы қызметін атқарса, 43 жастағы жұбайы отбасылық бизнеске шабыт беруші екен.

Қазір ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Бұл қылмыстық іс караоке бардың басшылығына, яғни ерлі-зайыпты Ц. мен Ш. есімді 1965 жылы туған азаматқа қатысты қозғалған. 

"Бұл тұлғалармен бірге жеңіл жүрісті 47 қыз ұсталды. Олардың арасында ЖОО студенттері де бар", — дейді Салтанат Әзірбек.  

Неге екені белгісіз, бұл мекемеге жиі баратын клиенттер Оңтүстік Корея азаматтары екен.

Жаңалықтар
0