АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев қай кезде мемлекеттік қызметші жұмысқа жай киіммен келе алатынын айтып берді.
"Біздің пікірімізше, мемлекеттік қызметші қызметі бойынша қажет болған кезде, демалыс күні орталық мемлекеттік органға джинс, спорттық аяқ киім киіп келгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмауы тиіс", — деп жауап берді агенттік төрағасының орынбасары.
Дегенмен, Ішпекбаев назар аударып өткендей, Этикалық кодекс қағидаларына сәйкес, жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер моральдық-этикалық нормаларды сақтап, бейәдеп мінез-құлық көрсетпеуге міндетті.