АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жалаңаш күйінде түсіп қалған суреттері Желіде жарияланған полицей өз қызметінде қалады, деп хабарлайды өңірлік "Уральская неделя" сайты.
Бұрын аталған басылым хабарлағандай, бір интернет қолданушысы редакцияға полицей формасындағы ер адамның әйелмен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан суретін жолдапты. Дереккөздің сөзіне сүйенсек, суретті жезөкшелер түсірген. Сонымен бірге ол полицейдің интим қызметін тегін алып жүргенін хабарлаған. Полиция суреттердің Желіде тарап кеткеніне қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған.
"Уральская неделя" облыстық ІІД баспасөз баянына сілтеме жасай отырып, суреттердегі әйел адамның учаскелік инспектордың танысы екені және оның жеңіл жүрісті әйел емес екендігі анықталғанын хабарлайды.
Сол жерде жасырын түсірілімді жеке пайдалануы үшін әйелдің түсіргені айтылады. Түсірілім жасалған пәтер танысына тиесілі екені нақты анықталды. Осыған орай полицейді қызметтен босатуға негіз жоқ.