АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Полиция әлеуметтік желіде тарап кеткен жалаңаш ер адамның суреті бойынша қызметтік тексеру жүргізуде, деп хабарлайды "Уральская неделя" жергілікті порталы.
Порталдың мәліметінше, бір интернет қолданушысы редакцияға полицей формасындағы ер адамның әйелмен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан суретін жолдапты. Дереккөздің сөзіне сүйенсек, суретті жезөкшелер түсірген. Сонымен бірге ол полицейдің интим қызметін тегін алып жүргенін хабарлаған.
Орал қаласы ішкі істер басқармасының басшысы Мирлан Айкенов "Уральская неделя" порталына хабарлағандай, аталған дерек бойынша, қызметтік тексеру жүргізілуде.
Айкеновтың пайымдауынша, полицей суретте өзінің некелі әйелімен бірге, яғни жеке фотосы Желіде тарап кеткен. Суреттегі полицей болуы мүмкін қызметкер қазір еңбек демалысында жүр.