АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. 50 000 теңгеге қыз сатқан жігіт сотталды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ер адамды ҚР ҚК 128 бабының 1 бөліміне сәйкес (адам саудасы) досына 50 000 теңгеге қыз сату фактісі бойынша соттады.
Сот шешімі бойынша оны орта қауіпсіздік жүйесіндегі қылмыстық-атқару мекемесінде 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.
25 шілдеде Астана қалалық сотының апелляциялық сатысы үкімді өзгеріссіз қалдырды.