Өңірлер

Дәрігерлер Алматыда өрт кезінде зардап шеккендердің хәлі туралы айтып берді

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуДәрігерлер
Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласы Алмалы ауданында Шәріпов көшесі бойындағы дүкенде газ баллоны жарылып, өрт шыққан

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Алматыда дүкенде өрт шығып, екі адам зардап шекті. Олардың бірінің беті, аяқ-қолы күйіп қалған.

Науқастар №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

Дүкен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда дүкеннен шыққан өрт кезінде екі адам зардап шекті

Аурухананың қабылдау бөлімінде науқастарға медициналық жәрдем көрсетілді. Біреуі ауруханаға жатқызылған жоқ", — деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Дәрігерлер зардап шегушіні қарап, нұсқаулар берді. Қазір ол амбулаториялық ем алу үшін, мекенжайы бойынша емханаға қаралатын болды.

Өрттен зардап шеккен екінші адам №4 қалалық ауруханаға жеткізіліп, беті мен қол-аяғы күйіп қалғаны анықталған. 

"Зардап шегуші емхананың жылу жарақаты бөліміне жатқызылды", — деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі.  

Сейсенбі күні Алматыда Шәріпов көшесі бойындағы дүкен шатыры өртенді. Бастапқы мәлімет бойынша, дүкенде газ баллон жарылып кеткен болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0