АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданында Шәріпов көшесі бойындағы дүкен шатыры өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер жалынның көршілес ғимараттарды шарпуына жол бермеді, бірақ өрттен екі адам зардап шеккен.
"Өрт сөндірушілер келген сәтте жағдай былай болған: дүкеннің шатыры лаулап жанып жатыпты. Өрт 11.06-да ауыздықталып, 11.10-да толығымен сөндірілді", — деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт салдарынан екі адам күйік алып, ауруханаға түсті. Бастапқы мәлімет бойынша, газ баллонды ауыстырған кезде жарылып кетіп, өрт шыққан болуы мүмкін.
Өртену аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру барысында төрт газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.