АСТАНА, 28 шілде — Sputnik. Алматының мамандандырылған соты Қазкоммерцбанкті әкімшілік жауапқа тарты.
"Қазкоммерцбанк акционерлік қоғамы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен банктің ӘҚБтК-тің 214-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлайды", — деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 214-бабы терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар, сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған табысты жылыстату туралы заңның бұзылуын қарастырады.
Заң бойынша 214-баптың 2-бөлімі орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 250 АЕК, ірі кәсіпкерлік – 900 АЕК айыппұл салуды көздейді. 2017 жылы Қазақстан АЕК 2 296 теңгені құрайды.