АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Сейсенбіде Қазкоммерцбанк клиенттерінің карталарынан жаппай қаражаттың шешілуі орын алды. ҚР Ұлттық банкі осындай іркілістің себептері мен осындай жағдайды болашақта болдырмау үшін жоспарланған шаралар АТФБанкпен жан-жақты талқылайды, деп хабарлады ҚР ҰБ баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары өздерінің парақшаларында әртүрлі сомалардың кенеттен шешілуі туралы жазған болатын. Сонымен қатар Қазкомның call-орталығымен деп байланысу мүмкін емес екендігін хабарлады. Кейбіреулері ақшаның шешілгені туралы 20 хабарламадан алған. Банк өкілдері көп ұзамай әлеуметтік желідегі көптеген хабарламаларға қатысты жауап қайтарды. Ресми парақшадан бір сағат өткен соң ақшаның шешілу себептері түсіндірілген хабарлама жарияланды.
Банктің ақпаратына сәйкес, техникалық іркіліс АТФБанк жүйесінде орын алған. Еліміздің Ұлттық банкі АТФБанк жүйесіндегі орын алған техникалық іркіліс туралы хабардар екендігін және АТФБанкпен байланыста болғанын хабарлайды. Ұлттық банктің мәліметінше, қазіргі уақытта проблема шешілді және іс жүзінде барлық сома карточка ұстаушылардың банк шоттарына қайтарылды (ағымдағы кезде соңғы транзакциялар өңделуде). Сонымен қоса, осындай іркілістің себептері мен осындай жағдайды болашақта болдырмау үшін жоспарланған шаралар АТФБанкпен жан-жақты талқыланатын болады.