Оқиға

Қазком клиенттері карталарынан жаппай қаражаттың шешілуі туралы хабарлап жатыр

© PhotoБанкомат
Банкомат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банк өкілдері клиент ақшаларының есетен шешілуіне қатысты жағдайды ақаулықпен түсіндірді. Банк жақын арада қаражатты қайтаруға уәде беріп отыр

АСТАНА, 30 мамыр —Sputnik. Сейсенбі күні "Қазком" клиенттерінің пластикалық карталарынан жаппай ақшаның шешілуі орын алды. 

"#Kazkom, #Qazkom клиенттері сіздерде бәрі дұрыс па? Менде қаланың әртүрлі мекемелерінен ақша шешіліп жатыр. Сall center-ге қоңырау шабу мүмкін емес. Qazkom, сендерде не болып жатыр?", — деп жазады Юра Цой есімді Фейсбук пайдаланушы. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк басшысы теңге бағамының кенеттен өзгеруін түсіндірді

"Қазір іс-сапардамын, картамнан ақшаны шешілуі туралы 20 хабарлама алдым. Банкингтегі есеп те 100 мыңнан астам сомаға азайды, барлық карталарды тез бұғаттауға тырыстым, колл орталығы барлық нөмірлер бойынша қол жетімсіз. Ал картамнан ақшаның шешілуі туралы смс әлі де түсіп жатыр. Мен шын мәнінде мұндайдан өліп қала жаздадым. Менің моральдық шығындарымды кім өтейді", — деген шарасыздық танытуда Denis Malinov. 

Банк өкілдері әлеуметтік желідегі көптеген хабарламаларға қатысты жауап қайтарды. Ресми  парақшадан бір сағат өткен соң ақшаның шешілу себептері түсіндірілген хабарлама жарияланды. 

"АТФ Банкі тарапында болған техникалық ақаулық туралы хабарлаймыз. Осы орайда барлық Қазақстан Банктерінің карталарын пайдаланушы клиенттерінде АТФ Банкі жүйесінде жүргізілген қате шешулер байқалып жатыр. АТФ Банк қызметкерлері қатені түзетіп, шешілген соманы қайтару үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр", — делінген хабарламада. 

Шешілген сомаларды ең жақын уақытта қайтаруға уәде етеді. 


Жаңалықтар
0