АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. "Көкжиек" шағын ауданындағы өрт салдарынан иіс тиген екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
28 шілде 11.15-те Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы, Көкжиек шағын ауданы №56А үйде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 11.26-да келіп жеткен.
"Өрт сөндірушілер барғанда, жағдай былай болған: бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында пәтер өртенген. Үйдің подъезі түтінге оранған", — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Барлығы 45 адам қауіпсіз жерге шығарылған, олардың 10-ы балалар. Екі балаға иіс тиіп, қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
Өрт кезінде көрші пәтерлердің қабырғалары бүлінді.
Өрт 12.05-те ауыздықталып, 12.47-де сөндірілді.
Өрт аумағы 20 шаршы метрді алып жатыр.