АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматыда Жетісу ауданындағы көп қабатты тұрғын үйде пәтер өртеніп жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
"28 шілде 11.15-те Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы, Көкжиек шағын ауданы №56 үйде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, өрт сөндіруде", — деп хабарлады Баймұхамбетова.
ТЖД мәліметінше, 45 адам қауіпсіз жерге шығарылған, олардың 10-ы балалар, бір адам құтқарылды.
Өрттің мән-жайы кейінірек хабарланады.