Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда 3 сынып оқушысы 2 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды

© Photo : предоставлено ДЧС СКОСолтүстік Қазақстанда 3 сынып оқушысы 2 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды
Солтүстік Қазақстанда 3 сынып оқушысы 2 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он жасар ер бала көршінің екі жасар сәбиін құдыққа құлатпай, аман алып қалған

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда 10 жасар Имран Бағдат өз өмірін қатерге тігіп, 2 жасар сәбиді өлім аузынан құтқарып қалды, деп хабарлайды СҚО Уәлиханов ауданы ТЖД бөлімінің бас инженері, азаматтық қорғаныс майоры Руслан Сәдуақасов.

Өзен жағасындағы балалар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сегіз жасар бала сыныптасын құтқарып, қаза тапқан

Оның айтуынша, Имран ата-анасымен Көкшетау қаласында тұрады екен, ал жазғы каникулда Кішкенекөл ауылындағы ата-әжесіне келіпті. 

"Бір күні балалар ойнап жүргенде, Имран көршінің екі жасар ұлы Айсұлтанның суармалы құдыққа шығып алғанын байқаған, құдықтың қақпағы дұрыс жабылмайды екен. Біреуді көмекке шақыруға уақыт жоқтығын білген Имран көп ойланбастан құдыққа жүгіріп барып, баланы құшақтап түсіреді. Салдарынан өзі жарақат алған", — деп мәлімет берді Сәдуақасов. 

Қайсар бала аудандық ауруханадағы хирургия бөлімінде емделіп шығыпты.

Жаңалықтар
0