Өңірлер

Алматыда ұсталған азамат полицейлерден қашып кетті

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полициядан қашып кеткен күдікті кешеден бері іздестіріліп жатыр

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда Алмалы аудандық сотының ғимараты жанында ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған адам полицейлерден қашып кетті.

Бұл ақпаратты қалалық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне растады.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Педофилді соққыға жыққан полицей кепілмен босап шықты

"Бостандық ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімшесіне әкеле жатқан кезде, бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған, 1984 жылы туған азамат Баймұханбетов Шәріпов көшесі бойындағы Алмалы аудандық соты төңірегінде полицейлерден қашып кетті", — деді полиция. 

Оқиға 26 шілде күні болған.

Полиция атап өткендей, қазір іздеу шаралары жүргізіліп, қосымша қызметтік тексеру тағайындалған.

Жаңалықтар
0