Өңірлер

Педофилді соққыға жыққан полицей кепілмен босап шықты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы полиция қызметкерін туған-туыстарының өтінішіне байланысты кепілмен босатқан

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Сәтпаевта қызды зорлаған педофилді соққыға жығып, ұсталған полиция сержанты кепілмен босап шықты, деп хабарлайды Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Полицей - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сатпаев қаласында педофилді соққыға жыққан полицей жұмыстан қуылды

Полиция қызметкерінің баланы зорлады деген күдікпен ұсталған адамды ұрып-соғуы бойынша сотқа дейінгі тергеу 24 шілдеде басталды. Полицей іс-әрекеті үшін ұсталып, Жезқазғандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазіргі уақытта полиция сержанты туған-туыстарының өтінішімен уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Сәтпаев қаласы прокуратурасы арнайы прокурордың кепіл қолдану туралы қаулысын қабылдады", — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі атап өткендей, сотқа дейінгі тергеу ісі әлі жалғасуда. 


Жаңалықтар
0