Оқиға

Сатпаев қаласында педофилді соққыға жыққан полицей жұмыстан қуылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция сержанты бес жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адамды ұрып-соққаны үшін жұмыстан шығарылды

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Сатпаевта кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ұсталған азаматты ұрып-соққан полиция сержанты жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ІІД: Сәтпаевта жоғалып кеткен қыз педофилдің үйінен табылды

Интернетте полиция формасын киген ер адам ұсталған азаматты ұрып-соғып жатқан видео пайда болған. Осыған қатысты облыстық ІІД баспасөз қызметі пікір білдіріп, ұсталған азаматқа қол көтерген полицей жұмыстан қуылғанын айтты. 

"Тергеу жұмыстары жүргізілген соң, тергеуші кабинеттен шығып кеткенде, қарауылдағылардың бірі күдіктіге қол көтерген. Қазіргі уақытта полиция қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Полиция сержанты ішкі істер органынан қуылып, қамауға алынған. Қылмыстық іспен айналысқан тергеуші шеттетілді", — деп хабар берді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі Бақытжан Құдияров. 

Бұдан бұрын жоғалып кеткен қыздың 50 жастағы ер адамның үйінен табылғаны хабарланған. Ол қызды зорлағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0