АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Сәтпаев қаласында 23 шілдеде жоғалып кеткен қыз қала тұрғынының пәтерінен табылды, ол адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысының ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Кішкентай қызының жоғалып кеткені туралы Сәтпаев қаласының тұрғыны хабар берген еді. Полицейлер сол күні пәтерлерді аралап шығып, солардың бірінен бүлдіршін қызды тапты.
"Полиция қызметкерлері пәтерде 50 жастағы ер адамды ұстады, ол қыз баланы алдап үйге кіргізіп, зорлағанын мойындады", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталмыш дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.