АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен өрт қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты «Highvill» тұрғын үй кешенінде тексеріс жүргізіледі, деп хабарлады елоралық әкімдіктің ресми сайты.
"Әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қала басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты «Highvill» ТК-де тексеру жұмыстарын ұйымдастыруда", — деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, 14 шілдеде осы тұрғын үй кешеніндегі пәтерде өрт шықты. Тілсіз жауды сөндіру кезінде төрт адамның денесі табылды: Нигериядан келген Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің профессоры Кенджи Элай, оның әйелі Фунми Кехинде (Ұлыбритания) және екі қызы 18 жастағы Моджойн Кехинде мен 8 жасар Грейс Кехинде.
Бұдан бөлек, "Highvill" тұрғын үй кешенінде екі рет салқындатқыштан өрт шықты.