Оқиға

Астанада "Highvill" тұрғын үйінде шыққан өрт салдарынан 4 адам көз жұмды

© Sputnik / Болат ШайхиновХайвилл тұрғын үйі
Хайвилл тұрғын үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза болған төрт адамның екеуі бала

АСТАНА, 14 шілде — Sputnik. Астанада "Highvill" тұрғын үйінде шыққан өрт салдарынан 4 адам иіс тиіп өлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

"14 шілде  05 сағат 06 минут кезінде 24 қабатты "Highvill" тұрғын үйінің 9 қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы аумағы 65 шаршы метр жерде жиһаз, тұрмыстық техника мен үйдегі заттар өртенген", — деп хабарлады Иманқұлов. 

Өрт салдарынан 4 адам иіс тиіп өлген, оның екеуі бала. 

Оқиға орнына биік ғимараттарда шыққан өртті сөндіретін техника мен 25 адам жұмылдырылды. 


Жаңалықтар
0