Оқиға

Мысыр қазақстандық студенттерді не себепті ұстағанын таяуда хабарлауға уәде берді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутүрме
түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық дипломаттар Мысырда алты студенттің ұсталуының себептерін анықтауға қатысы келіссөздерді жалғастырып жатыр

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Қазақстан тарапы Мысырда ұсталған алты студенттің тағдырын анықтау бойынша  жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттер табылды

"Кеше Қазақстан елшісімен кездесу қорытындысы бойынша Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасары жақын уақытта ресми жауап болатынын айтты. Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сондай-ақ, Мысырдың Қазақстандағы істері бойынша уақытша тағайындалған сенімді өкілі шақыртылды", — деп жазды Жайнақов Facebook желісіндегі өзінің парақшасында. 

Еске сала кетейік, Абылайхан атындағы университеттің екі магистранты 11 шілдеде Каирға екі айлық тілдік курстан өтуге барған. Олар сол білім беру мекемесінде оқитын тағы төрт қазақстандық студентпен бірге бір пәтерде тұрады. 20 шілдеде олармен байланыс жоғалған, туған-туыстарымен хабарласпаған. 25 шіледе оларды Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. Алайда Қазақстан азаматтарының ұсталу себептері осы уақытқа дейін белгісіз. 


Жаңалықтар
0