Қоғам

Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттер табылды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ ғимараты
ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық студенттерді полиция ұстағаны белгілі болды

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді Каир қаласында құқық қорғау органдары ұстаған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

Турист - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Египетте алты қазақстандық жоғалып кеткен

"Біздің дипломаттарымыздан Мысырда жоғалған қазақстандық студенттерді іздестіру нәтижесі бойынша алдын ала ақпарат түсті. Жаңа ғана сенімді көздерден алынған ақпарат бойынша, аталған қазақстандық студенттерді Қаир қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған және олар осы елдің аумағында. Олардың өмір мен денсаулығына төнген қатер жоқ", — деп хабарлады Жайнақов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның Мысырдағы елшілігі мысыр тарапынан біздің азаматтарымыздың ұсталуы, қазіргі орны мен жағдайы туралы ресми жауап талап етіп жатыр. 

"Таяу арада Қазақстан елшісі Мысыр сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселе бойынша кездесу өткізбек.Қосымша ақпарат мысыр тарапымен келіссөздер нәтижесі бойынша хабарланатын болады.Осы мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының ерекше және үнемі бақылауында", — деді ол. 

Еске сала кетейік, Абылайхан атындағы университеттің екі магистранты 11 шілдеде Каирға екі айлық тілдік курстан өтуге барған. Олар сол білім беру мекемесінде оқитын тағы төрт қазақстандық студентпен бірге бір пәтерде тұрады. 20 шілдеде олармен байланыс жоғалған, туған-туыстарымен хабарласпаған. 


Жаңалықтар
0