Қоғам

Египетте алты қазақстандық жоғалып кеткен

© AFP 2024 / Mohamed El-ShahedТурист
Турист - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алты жас жігіт Египетке тіл курсын оқуға аттанып, із-түссіз жоғалған

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қазақстаннан тіл үйренуге барған алты жас жігіт Египетте жоғалып кетті – қазіргі уақытта болған жайттың себептері анықталуда, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Министрліктің мәліметінше, Абылайхан атындағы университеттің екі магистранты 11 шілдеде Каирға екі айлық тілдік курстан өтуге барған.

"Олар сол білім беру мекемесінде оқыған тағы төрт қазақстандық студентпен бірге бір пәтерде тұрады. 20 шілдеде олармен байланыс жоғалған, туған-туыстарымен хабарласпаған. 1993-1995 жылы туған алты жігіт жоғалып кетті", — деді Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне сейсенбі күні.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар жас жігіттерді іздеуге кірісіп кетті. Қазақстан елшілігі Египет СІМ-нен қазақстандықтарды іздеп табуға жәрдемдесуді сұраған. 

Ол студенттердің жоғалып кету себептері турады мәлімет барын, бірақ әзірше айта алмайтынын ескертті.

Жаңалықтар
0