АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. "Эйр Астана" авиакомпаниясы алкоголь сынағынан өте алмаған ұшқышты жұмыстан шығарғанын мәлімдеді.
20 шілдеде Амстердам халықаралық әуежайында екінші ұшқыштың мас екендігі анықталып, Амстердам – Атырау, Атырау – Алматы рейстері кейінге қалдырылған болатын.
Қорытынды сараптама жасалып, айыппұл төленген соң ұшқыш Алматыға жөнелтілді.
"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшқыштардың ішімдік ішіп, есірткілік заттарды қолдануына түбегейлі қарсы. Ішімдік және есірткілік заттарды қолданғанын тексеру үшін сынақтар өткізіледі. Қауіпсіздік біздің негізгі басымдығымыз", — деп мәлімдеді "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшулар бойынша директоры Игорь Сегедин.