АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. "Эйр Астана" АҚ қазақстандық авиакомпаниясы KC 904/890 Амстердам – Атырау – Алматы рейсінің алынып тасталғанын хабарлады.
"Эйр Астана" әуе компаниясы 2017 жылғы 20 шілдеде ұшақтың екінші ұшқышы Амстердам әуежайында қан құрамында алкоголь барын тексеретін сынақтан өтпей қалғанын өкінішпен хабарлайды", — делінген сенбі күні жарияланған хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаны ішкі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
"Біз мұндай әрекетті лайықсыз деп санаймыз, сол себепті тергеу нәтижелері анықталған соң қызметкерге қатысты шара қолданамыз", — деп атап өтті "Эйр Астана" өкілдері.