АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Алматы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 24 жастағы қызметкері 150 мың теңге пара алғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.
Істің деректеріне сүйенсек, Алматы қаласы Бостандық ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім инженері делдал арқылы 150 мың теңге алып, пара берушінің мүддесі үшін әрекетсіздікке барып, жалпылама қорғаушылық жасауға келіскен.
Сонымен, ол аудандық соттың шешімімен айыпты деп танылып, ҚР ҚК 366-бабы, 2-бөлігі бойынша үш жарым жылға сотталып, мүлкі тәркіленген, мемлекеттік қызметті атқаруына өмір бойына тыйым салынған болатын.
Апелляциялық инстанция соты бірінші инстанция сотының үкімін өзгертіп, 9 миллион теңге айыппұлға алмастырды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бұрынғы қызметкері сот залынан босатылды.
Үкімнің қалған бөлігі өзгертілген жоқ.