АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
2017 жылдың 24 шілдесінде Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бюросымен бірлесіп кәсіпкердің арызы бойынша Шымкент қаласында өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады.
Ұсталғандар салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауаптылыққа тартпау үшін пара алған.
Аталған факт ҚР ҚК 366 бабы 3 тармағында көзделген қылмыс құрамына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алу) Біріңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді.
Ұсталған прокуратура қызметкері Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.