АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысында полиция есірткі плантациясын тауып, екі тоннадан астам егілген марихуананы жойды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті қызметі.
24 шілде күні Кербұлақ ауданы Арқарлы асуына жақын жерде есірткі плантациясы табылды. Марихуана өсірумен айналысқан егістік иесі анықталып, ұсталды.
Кейінірек анықталғандай, есірткі плантациясы Алматыдағы ЖШС бірінің 30 жастағы басшысына тиесілі екен. Қазір тыйым салынған өсімдікті егумен заңсыз айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс басталды.