АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Британиядан келген туристке есірткі таратқаны үшін Дубай соты өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттады, деп хабарлайды РИА Новости эмираттық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Есірткіні туристің Дубайдағы пәтерінен тапқан. Жас жігіт сол жердің маңында ұсталды.
Сот 22 жастағы туристі есірткі қабылдау мен сатуда айыпты деп тапты. Ұсталған кезде ер адам кінәсін мойындады, алайда сотта тек есірткі пайдаланғанын ғана айтты.