Саясат

Дін істері және азаматтық қоғам министрінің екі кеңесшісі тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтумемлекеттік қызметішлер
мемлекеттік қызметішлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеңесшілер ведомствоның БАҚ және діни бірлестіктермен жұмысына жетекшілік ететін болады

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ұжымға жаңа кеңесшілер Дүйсенов Арсений Кеңесұлы және Құлекеев Бақытжан Кеңесұлын таныстырды.

паранжа киген әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда никаб пен паранжы киюге заңды түрде тыйым салынбақ

Арсений Дүйсенов жаңа лауазымда ақпараттық-имидждік жұмыс мәселелері, дін және азаматтық қоғам саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша шаралар, сонымен қатар қоғаммен байланысты қолдауды қадағалайды.

Ол осы тағайындауға дейін "Қазақстан" РТРК" Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы филиалдарының директоры, "Қазақстан" РТРК" аймақтық таратуды дамыту дирекциясының директоры қызметін атқарған.

мұсылман киімі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Германияда мұсылман киіміне тыйым салу жартылай мақұлданды

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы лауазымында болды. Дүйсенов Қазақстан Бас редакторлар клубының вице-президенті және Халықаралық телевидение және радио академиясының академигі. 

Сондай-ақ, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі лауазымына Бақытжан Құлекеев тағайындалды. Ол бұл лауазымда діни сұрақтар және діни ұйымдармен байланыс мәселелерін қадағалайды.

Құлекеев осыған дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымды қызметін атқарған.


Жаңалықтар
0