Әлем

Германияда мұсылман киіміне тыйым салу жартылай мақұлданды

© REUTERS / Philippe Wojazerмұсылман киімі
мұсылман киімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүзі мен денесін толық жабатын мұсылман әйелдердің киіміне тыйым салынды

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Германияның Федералды жиыны елде никаб киюге жартылай тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Заңмен бурка мен никаб киюге тыйым салынды. Ол адамның денесі мен жүзін толық жабатын мұсылман елдеріндегі әйелдер киімінің түрі. 

"Интеграция, соның ішіне, құндылықтарымызды нақты белгілеп, таратуға тиіс екенімізді білдіреді… Біз мақұлдаған заң жобасы осыған маңызды үлес қосады", — деп келтіреді агенттік ГР ішкі істер министрі Томас де Мезьераның сөзін. 


Жаңалықтар
0