АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Целиноград прокуратурасының алдында оқ атып, кейін өзіне қол салған Өмірбек Жампозов ісі бойынша сот ісі қайта басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бір топ тұлға Преображенский су торабын қайта жөндеуден өткізу бойынша бөлінген мемлекеттік қаражатты ысырап қылды деген күдікке ілінген.
"ҚР ҚПК 385-бабына сәйкес мәселелерді шешу үшін сот талқылауы қайта басталады. Сот тергеуі де қайта жүргізілуде. Келесі отырыс 31 шілде күні, 10 сағатта өтеді", — деп хабарлады Целиноград аудандық сотының төрағасы Төлеген Турғанбаев.