Қоғам

Прокурорды атып, өзіне қол салған ер адамға үкім шығару кейінге қалдырылды

© Photo : pixabay.com/AJELСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Целиноград прокуратурасы алдында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оқ атқан Өмірбек Жампозовтың үкімі дүйсенбі, 24 шілдеде шығарылады

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Целиноград прокуратурасы алдында атыс шығарып, өз-өзіне қол салған Өмірбек Жампозов пен мемлекет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті басқа да тұлғаларға үкім шығару дүйсенбіге шегерілді, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Өмірбек Жампозовтың видеоүндеуі - Sputnik Қазақстан
Видео
Желіде прокурорды жаралап, кейін өзін атып өлтірген адамның видеоүндеуі жарияланды

Бүгін Целиноград аудандық сотында Перображенский су торабының реконструкциясына бөлінген қаражатты ысырап қылғаны үшін айыпталған бір топ тұлғаға үкім шығарылуы тиіс болатын. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, "Қазақстан су шаруашылығы" РМК бұрынғы бас директоры Өмірбек Жампозов бір топ адаммен өзара сыбайласып, 620 миллион теңгені ысырап жасаған.

"Үкім шығару дүйсенбі 24 шілде күні сағат 16.00-ге қалдырылды", — деп хабарлайды облыстық сот баспасөз қызметі.

Үкімді кейінге қалдыруға Жампозовтың  туыстары өтініш білдірген екен, өйткені үкімнің оқылуына жұма күні келе алмапты. 

20 шілдеде күндіз ер адам Целиноград прокуратурасы ғимаратының алдында оқ ата бастаған. Ведомство қызметкері мен полицей жараланды. Кейінірек белгілі болғандай, оқ атқан адам "Қазақстанның су шаруашылығы" РМК-ның бұрынғы бас директоры екен, ол бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаражатты ысырап қылды деп айыпталған. Жараланған прокурор рақымшылықты есепке ала отырып сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған айыптауды мақұлдапты. Үкім 20 шілде 16:00-де шығарылуы тиіс болатын. Қарулы шабуыл үкімнің шығуына бір жарым сағат қалғанда жасалды. Шабуыл жасаған ер адам атыстан кейін көлігіне отырып, өз-өзін атып өлтірген.

Жаңалықтар
0