Өмірбек Жампозов — "Қазақстан су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры. Ол 20 шілдеде Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасы алдында прокуратура қызметкері мен полицейге оқ атып, жаралаған. Содан соң ер адам өз-өзін атып өлтірді.
Бас прокуратура хабарлағандай, Жампозов бюджеттік қаражатты жымқыру ісі бойынша сотталушы болған. Сол күні сот үкімі шығуы тиіс болатын. Жараланған прокурор сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан.