АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Классикалық музыка мәңгі өшпес дүние, ал оның орындалу форматы әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі заманғы компзоиторлар мен музыканттар симфониялық орекстр қойылымын замануаи арнайы эффекттер және мульимедиялық технологиялармен ұштастырады.
Қазақстандық сахнада осындай жаңашыл жандардың бірі Марат Бейсенғалиев болды. Ол түрлі тәжірибелерді батылдықпен жүзеге асырып, соған қарамастан ешқандай 3D-шоу музыкадан асып түспейтінін, тек толықтырып, жандандыратынын халыққа жеткізуге тырысады.
Бұған Астананың Конгресс орталығында 23 шілде күні "Дыбыс энергиясы" атты шоудың тұсаукесеріне куә болды.
Танымал британ композиторы әрі дирижері Карл Дженкис жазған керемет музыка шоуы көрермендерге Жер планетасының төрт элеметнтінің өзара әркетін ұсынады: ауа, су, жер және от.
Ал маэстро Бейсенғалиев өзінің музыканттарымен бірге аспанға ұшып, от-жалын боп лаулайды. Оның қолында XVIII ғасырда жасалған Страдивари скрипкасы.
Шоу 23-29 шілде аралығында сағат 18:00-де және 21:00-де болады. Билет бағасы – 1000 теңгеден 3000 теңгеге дейін.