АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында Toyota Land Cruiser мен ГАЗ-53 соқтығысуы салдарынан тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Полиция мәліметінше, жол апаты Түркістан қаласынан 40 шақырымдай жерде болған. Көлік апаты салдарынан жол талғамайтын көлік жолаушылары қаза тауып, жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Оtyrar.kz жергілікті басылымының хабарлауынша, жол апатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев көз жұмған.
Жол апаты дерегі бойынша, ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те айыппұл тұрағына жеткізілген. Сараптама тағайындалды.