Қоғам

Астанада "арзан" пәтер сатқан алаяқтан зардап шеккендер ізделуде

CC0 / / Кілт
Кілт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция алаяқққа алданып, ақшасынан айырылып қалған азаматтарды іздеуде

АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Астана полициясы нарықтағыдан төмен бағада пәтер сатып алуды ұсынған алаяққа алданып, зардап шеккен азаматтарды іздеуде, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астаналық алаяқ Кореядан жақсы жұмыс тауып беремін деп жұртты алдаған

 "Алматы" ауданы ішкі істер басқармасында Нұрсұлу Айтбековаға қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Айтбекова өзге сыбайластарымен бірге аңғал азаматтарды алдап, арзан пәтер сатып әперуге көмектесеміз деп, ақшаларын алып қойған. Заңсыз алынған ақша сомасы мен зардап шеккендер саны аталған жоқ.

2017 жылғы маусымда Астана қаласы Алматы ауданы № 2 соты үкімімен Айтбекова алаяқтық жасағыны үшін үш жыл сегіз айға сотталды.

Аталған азаматшаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтар келесі нөмірлерге хабарласуы тиіс: 8(7172)71-67-49, 8 775 923 33 12.


Жаңалықтар
0