Қоғам

Астаналық алаяқ Кореядан жақсы жұмыс тауып беремін деп жұртты алдаған

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Кореяға ақша табуға барғысы келетін он бес адам алаяқтың құрығына түсіпті

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Астана полицейлері шетелге жұмысқа орналастыруға уәде берген ер адамның сөзіне сеніп, алданып қалған жәбірленушілерді іздестіруде деп хабарлайды Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір КORE АNA фирмасының өкілі болып танысқан Мадияр есімді күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Тергеу барысында анықталғандай, 2016 жылы 10 маусым мен 25 тамыз аралығында күдікті Оңтүстік Кореяда жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын деп елорда тұрғындарын алдап, әр қайсысынан 400 мың теңге қаражат алған. Қазіргі уақытта полицияға он бес адам арыз берді.

Полиция алданып қалған жәбірленушілерден Астана ІІД-не келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 71-67-10, 71-67-49, 8-775-152-65-90 (тергеуші Күлкаев Ж.Д.).

КORE АNA фирмасының өкілі Мадияр, күдікті
КORE АNA фирмасының өкілі Мадияр, күдікті - Sputnik Қазақстан
КORE АNA фирмасының өкілі Мадияр, күдікті
Жаңалықтар
0