Әлем

АҚШ авиациясы қателесіп, 12 ауған полицейін өлтірді

© AP Photo / Rahmat GulАуған әскери қызметкерлері
Ауған әскери қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гильменд провинциясындағы әуе шабуылы салдарынан он екі ауған полицейі мерт болды

АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ауғанстанда АҚШ әскери ұшақтары әскерилер мен жергілікті полиция жұмыс істеп жатқан лагерге шабуыл жасады.

Ұшқыш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Амстердамда "Эйр Астана" ұшқышының мас екені анықталған

Ассошиэйтед Пресске сілтеме жасап РИА Новости хабарлағандай, он екі полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жараланды. Әуе шабуылының қателесіп жасалғандығы атап өтілген.

Арты қайғылы оқиғаға алып келген ағаттық Гильменд провинциясында НАТО-ның "Шешімді қолдау" операциясы кезінде болған. Операцияны Ауғанстан қауіпсіздік күштері АҚШ қолдауымен жүргізді.

Бір апта бұрын қателесіп жасалған әуе шабуылының салдарынан Құндыз қаласында үш бала зардап шеккен еді. Ол кезде мектеп пен үй қирап қалған.

Жаңалықтар
0