Оқиға

Facebook желісінде балағат сөз жазып пікір қалдырған ер адам 4 тәулікке қамаққа алынды

© Photo : Pixabay / StartupStockPhotosкомпьютер
компьютер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Facebook пайдаланушысы полиция жазбасына балағат сөздер жазып, өзінің пікірін қалдырған

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде балағат сөздермен жағымсыз пікір қалдырған Батыс Қазақстан тұрғыны қамауға алынады, деп хабарлады Атырау облыстың сотының баспасөз қызметі. 

Азамат Мұсагалиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тілі туралы орынсыз әзілдеген Азамат Мұсағалиев жұрттың сөзіне қалды

Азамат С. 2017 жылдың маусым айында Атырау-Астрахань тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Facebook әлеуметтік желісіндегі Атырау ОІІД-нің ресми парақшасында жарияланған хабарламаға былапыт сөздер жазып, өзінің пікірін қалдырған.

Сол үшін ер адам сотқа тартылып, сот отырысында азамат С. кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, төрт тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтар
0