АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Сот Ақтөбе облысының алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылған бұрынғы мәслихат депутаты, кәсіпкер Мейіржан Өндіргеновті бостандыққа шығарды, деп хабарлайды diapazon.kz.
2017 сәуірде рақымшылыққа байланысты "Автопарк" ЖШС иесі Мейіржан Өндіргенов пен бұрынғы директоры Ербол Әділовтің жаза мерзімі төрттен бірге қысқартылған еді. Кейінірек сотталғандар сотқа арыз беріп, өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырған. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлағандай, ер адамдар айыппұлды төлеп, бостандыққа шыққан. Ербол Әділов 27 маусымда түрмеден босатылса, Мейіржан Өтегенов – 9 шілдеде.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы жылы тамызда Өндіргенов пен Әділов алаяқтық жасағандары үшін айыпты деп танылған. Өндіргенов төрт жылға, Әділов үш жылға сотталған болатын.
Айта кетейік, Өндіргенов Әділов және басқа да тұлғалармен сыбайласып, 2009 жылғы қаңтардан бастап 2015 жылғы сәуірге дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, Ақтөбе қаласы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерін алдап, 900 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған.