АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Халықаралық полиция Қазақстандық банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовты іздеу туралы "қызыл хабарламаны" алып тастады, деп жазады РИА Новости AFP сілтеме жасап.
БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов 7 маусымда Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімінен қылмыстық ұйым құрып, банк қаражатын қымқырғаны үшін 20 жылға сотталған болатын. Сот талқылауы айыпталушысыз өтті.
Әбілязовтың адвокаты Питер Салас мәлімдегендей, Халықаралық полицияның шешімінен соң Мұхтар Әбілязов емін-еркін жүріп-тұра алады.