Өңірлер

Бурабайда квадроцикл мінген жас жігіт басын жарып алды

CC0 / IgorShubin / Квадроцикл
Квадроцикл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 жасар жігіт басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылған

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Елорда тұрғыны Бурабай демалыс орнында квадрацикл теуіп жүріп, ауыр жарақат алды, деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада мас жүргізуші жасөспірімді қағып, аялдамаға соғылды

Оқиға 18 шілдеде Бурабай ауылында болған. 1999 жылы туған Астана тұрғыны  қауіпсіздік шлемінсіз квадроцикл айдаған. Ол биік төбеден зуылдап түсіп келе жатып, рөлге ие бола алмай қалады да, бағанаға басымен келіп соғылады.

Салдарынан жас жігіт бас сүйегі мен миын зақымдап, Ақмола облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. 

Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Жаңалықтар
0