Оқиға

Астанада мас жүргізуші жасөспірімді қағып, аялдамаға соғылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖүргізуші
Жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатына түскен ер адам мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші құқығынан айырылған екен

АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Mitsubishi Sigma автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде он алты жасар қызды қағып, автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Жаяу жүргінші көлік астына түсіп, қаза тапты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түн ішінде жолды кесіп өтпек болған жігіт көлік астына түсіп, қаза тапты

Жол апаты сәрсенбі күні сағат 11 кезінде Есенберлин көшесінде болған

"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып, кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып, автобус аялдамасына соғылды", — делінген хабарламада. 

Жол апаты салдарынан 2001 жылы туған қыз көптеген жарақат алып ауруханаға жатқызылған.

Көлік апаты кезінде жүргізушіден ішімдік иісі мүңкіп тұрғанымен, ол медициналық тексеруден өтуден бас тартты.

21 жастағы жүргізуші 2016 жылы мас күйінде көлік айдағаны үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған екен.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған сотының шешімімен жиырма күнге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, сараптамалар тағайындалып, соның нәтижесінде процестік келісім жасалмақ.

Жаңалықтар
0