Қоғам

Алматы метросында жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу 80 теңге болып қалады

© AP Photo / Peter LeonardМетро
Метро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірақ автобустарда сараланған тарифті енгізу жоспары өзгерген жоқ

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Алматы билік өкілдері метрода жолақыны қолма-қол ақшамен төлегенде, бағаны өсіру туралы шешімін қайта қарады.

Метро - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы метросында жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу қымбаттады

Бастапқыда әкімдіктің қаулысында көрсетілгендей, жолаушыларды тасымалдау кезінде сараланған тариф енгізілуі тиіс болатын әрі бұл өзгеріс метрополитенде де жүзеге асырылмақ еді, бірақ қаланың билік өкілдері бұл норманы қаулыдан алып тастады. 

"Біріншіден: жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары басқармасы метрополитенді қаулыдан алып тастады, ол жерде сараланған тариф енгізілмейді, қолма-қол төлегенде жолақы бұрынғыдай 80 теңге болып қалмақ. Екіншіден: жолақысын төлеудің балама түрлері, оның ішінде СМС те 80 теңге болып қала береді", — деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңестің мүшесі Ерлан Смайылов.

Смайылов атап өткендей, жүргізуші "Оңай" жүйесін әдейі өшіріп тастамас үшін, Қоғамдық кеңес өз ұсыныстарын айтқан. Біріншіден, бақылауды күшейту, екіншіден, "Оңай" істен шығып қалса, жол жүру ақысын тегін қылу ережесін енгізу.

Жаңалықтар
0