Қоғам

Алматы метросында жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу қымбаттады

© Sputnik / Павел Михеев / Медиабанкке өтуМетро
Метро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Электронды картамен төлеген жағдайда ақшаның көлеңке айналымынан арылуға мүмкіндік туады

АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Алматы метросындағы жолақы жетонды қолма-қол ақшамен сатып алған кезде 80 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттайды, делінген қалалық қоғамдық көліктерде жолаушыларды тұрақты тасымалдаудың сараланған тарифтері туралы әкімдік қаулысында.

метро - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы қаласы Наурызбай ауданында 2018 жылы метро салынуы мүмкін

"Алматы қаласы аумағындағы қалалық бағдарлар бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдаудың бекітілген тарифі электронды жүйе арқылы төмендегідей көлемде төленуі тиіс: электронды жол жүру картасы арқылы төлеген кезде – 80 теңге, ал көлікте қолма-қол ақшамен төлеген кезде – 150 теңге", — делінген қаулыда. 

Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда жолақының қымбаттауын әкімшілік қаражаттың көлеңке айналымынан арылып, салық түсімін арттыру және жолаушылар арасында электронды картаның көбірек қолданылуы үшін деп түсіндіреді. 

Жаңалықтар
0