АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Наурызбай ауданындағы "Қалқаман" метро станциясын жобалау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алматы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы Ернур Әбжахан Nauryzbai invest forum аясында айтып бергендей, Наурызбай ауданында екі метро станциясын салу жоспарда бар: Әшімов көшесі бойында "Қалқаман" және Райымбек даңғылында "Батыс автовокзалы".
Алматы метрополитенінің өкілі Қаныбек Нұрмұханбетов айтып өткендей, биыл "Қалқаман" станциясын жобалау басталды, ол аяқталған соң, келесі жылы қаражат бөлінсе, құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
"Қазір "Сарыарқа" және "Достық" станцияларын салып жатырмыз. Құрылыс 2020 жылы бітеді, бәрі қаржыландыру көлеміне байланысты", — деп түсіндірді ол.